С. Лапин атындағы №261 орта мектепте «Сыр әдебиеті» жобасы аясында 7 - сынып оқушыларына осы апта көлемінде қазақ драматургиясының көрнекті өкілі, жазушы Қалтай Мұхамеджановтың шығармашылығы талданады. Оның туындылары, әсіресе, «Бөлтірік бөрік астында», «Қуырдақ дайын» сынды шығармалары заман шындығын терең бейнелеп, ұлттық болмыс пен адамгершілік құндылықтарды дәріптейді.
Бұл шығармалар оқушылардың әдеби талғамын қалыптастырып, көркем сөзді түсінуіне, театр өнеріне қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Сондай - ақ, олардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытып, қоғам мен адам табиғатын тереңірек ұғынуына мүмкіндік береді.







