Көркем еңбек сабағында оқушыларымызбен бірге этно сөмке тігуді үйрендік. Бұл – тек тігін жұмысы ғана емес, сонымен қатар өз тамырымызды тану, ұлттық ою-өрнекке деген сүйіспеншілікті арттыру.
Жұмыс барысында балалар:
• Сөмкенің үлгісін қағазға түсіріп, пішінді дұрыс жасауды,
• Матаны таңдауды (киіз, мақта-мата, дәстүрлі өрнекті маталар),
• Қазақтың ою-өрнектерін дұрыс орналастыруды,
• Қолмен және тігін машинасымен жұмыс жасауды меңгерді.
Әр оқушы өз қолымен ерекше, қайталанбас сөмке тігіп шықты.
Шығармашылықпен жұмыс істегенде олардың көзінде жанар, жүрегінде мақтаныш сезілді!
Ұлттық өнер – мәңгілік!
Қолөнерге қызығушылықты арттырып, ұрпақ санасына ұлттық тәрбиені сіңіру — басты мақсатымыз.
Мукеева Гүлзат, көркем еңбек пәнінің мұғалімі.
#КөркемЕңбек #ЭтноСөмке #ҰлттықӨнер #МукееваГүлзат #МектепӨмірі #Қолөнер
https://261mektep.rka.kz/en/uslugi-4/206-etno-stildegi-s-mke-ltty-na-ysh-pen-zamanaui-tal-amny-ndestigi.html#sigFreeId2764a787cd










