📚2024 - 2025 оқу жылына арналған Кәсіптік бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес қазан айында 6 - сынып оқушылары арасында бала жанын терең зерттеген қаламгер, көрнекті балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай  жазушының "Менің атым - Қожа" повесінің желісі бойынша сахналық қойылымдар сайысы болып өтті. 
📝Сайыстың мақсаты: оқушыларды шығармашылыққа баулу, әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру, кейіпкерлер бейнесіне талдау жасай отырып, жақсы мінез - құлықты үлгі ету. 
📝Сайыс барысында оқушылар бар өнерлерін ортаға салып, кейіпкерлер әлеміне еніп, көрермен қошеметіне бөленді. 
📝Сайыс соңы жеңімпаз топтарды марапаттаумен аяқталды.