2024 - 2025 оқу жылына арналған Кәсіптік бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес, 8 - сыныптар арасында "Осындай мамандық бар" атты ерекше сабақ өткізілді. Сабақ үш кезеңнен тұрды.
📚 Мамандық деген не? Қандай мамандықтар сұранысқа ие?
Оқушылар мамандықтардың маңыздылығы мен қазіргі уақытта сұранысқа ие кәсіптер туралы пікір алмасып, болашақта өздерінің қандай мамандық таңдауы мүмкін екендігін талқылады.
🎯 Мамандықтарға қатысты викторина.
Оқушылар түрлі ойындар арқылы әртүрлі мамандықтарды зерттеп, өз білімдерін сынап, жаңа ақпараттарды игерді.
🤖 Жасанды интеллект арқылы болашақ мамандықты анықтау.
Әрбір оқушы жасанды интеллект көмегімен болашақ мамандығын болжап білді. Олардың эмоциялары ерекше әсер қалдырды.
Сабақтың соңында оқушылар өз таңдауларын талқылап, бір - бірімен пікір алмасты. Сабаққа қатысқан Гүлнұр Бақбергенқызы өз ойын білдіріп, сабаққа оң бағасын берді.
💡 Сабақты ұйымдастырған: информатика пәні мұғалімдері Қожабай Ақбота мен Асқаров Бекзат.
View the embedded image gallery online at:
https://261mektep.rka.kz/kz/k-siptik-ba-dar/214-osyndaj-mamandy-bar.html#sigFreeId0ee0f0b6fa
https://261mektep.rka.kz/kz/k-siptik-ba-dar/214-osyndaj-mamandy-bar.html#sigFreeId0ee0f0b6fa






