🔰2024 жылғы 22 қарашада Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД тәрбие - кадр жұмысы тобының инспектор - полиграфологы, әділет подполковнигі Бегімова Ұлбала және Қазақстан Республикасы Ш. Қабылбаев атындағы ІІМ Қостанай академиясының жедел - іздестіру қызметі кафедрасының аға оқытушысы, полиция майоры Мұрат Аманат мектебіміздің 11 - сынып оқушыларымен арнайы кездесу өткізді.
❇️Кездесудің негізгі мақсаты - Ш. Қабылбаев атындағы ІІМ Қостанай академиясына түсу мүмкіндіктерімен таныстыру және бұл бағытта оқушыларға бағыт - бағдар беру. Академия өкілі оқушыларға оқу орнының білім беру бағдарламалары, қабылдау шарттары мен талаптары туралы толыққанды ақпарат берді. Сонымен қатар, білім беру процесінің ерекшеліктері, практикалық дайындық деңгейі және болашақта құқық қорғау саласындағы мансап құру мүмкіндіктері жан - жақты түсіндірілді.
❇️Шара барысында оқушылар құқық қорғау саласына қатысты сұрақтар қойып, академияның ұсынатын мүмкіндіктеріне үлкен қызығушылық танытты. Сондай - ақ, академияда оқу барысында студенттерді қолдау, тәжірибеден өту және кәсіби дағдыларды дамыту туралы мәліметтер айтылды.
❇️Бұл кездесу оқушылардың болашақ мамандық таңдауына оң әсер етіп, құқық қорғау саласына қызығушылық танытатын жастардың сенімін арттырды. Қызығушылық танытқан оқушылар академияның өкілдерінен тікелей кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Мұндай шаралар оқушылардың болашағын жоспарлауға және жауапты шешім қабылдауға үлкен ықпал етеді.