№ 261 С. Лапин атындағы орта мектепте 6-7 сынып оқушылары арасында “Құтқарушылар–балалардың көзімен” тақырыбында сурет салу байқауы өткізілді. Байқаудың міндеті–өрт сөндірушілердің қажырлы еңбегін балалардың көзімен көрсету және оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту және өскелең ұрпақ арасында өрт қауіпсіздік мәдениетін насихаттау, құтқарушы мамандығын дәріптеу.

Сурет салу кезінде бала қиялды дамытады, визуалды бейнелерді ойша бейнелеу қабілеті артады. Өйткені бала суретті бейнелемес бұрын оны егжей-тегжейлі ойластырады. Бұл жас суретшіге батыл болжамдар жасауға, түбегейлі жаңа әлем құруға мүмкіндік береді. «Құтқарушылар - балалардың көзімен» суреттер байқауы осының дәлелі. 

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға және барлық қатысушыларға дипломдар мен сыйлықтар табысталды.