Жұмыстың жаманы жоқ, кез-келген еңбек қадірлі
2024-2025 оқу жылына арналған Кәсіптік бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес, 7-сыныптар арасында "Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек қадірлі" атты техникалық мамандықтар бойынша жетістікке жеткен ата-анамен кездесу ұйымдастырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында келесі 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады.
Осы орайда білім алушыларға мамандық ұғымы,мамандықтың адам өміріндегі маңызы, мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті талап ететіндігі туралы түсініктерін қалыптастыру мақсатында техникалық мамандық бойынша жетістікке жеткен ата-анамен кездесу ұйымдастырылды.
Бұл кездесу қаламыздағы Көпбейінді Облыстық ауруханасының хирургия бөлімінің аға мейіргері Дүйсенова Эльмирамен өткізілді. Кездесу барысында Аға мейіргер бұл салаға қалай келгендігін айтып біркүндік жұмысымен таныстырды.
Сөз соңында оқушыларға мамандық таңдау жөнінде кеңес берді. Аға мейіргердің бір күндік жұмыс барысымен танысуда, оқушылардың медицина саласына қызығушылығы артып, керемет әсер алып қайтты!
Кездесуді ұйымдастырған: 7-сынып жетекшілері Әлібек Анар мен Амангелдиева Аруна.
https://261mektep.rka.kz/kz/k-siptik-ba-dar/223-zh-mysty-zhamany-zho-kez-kelgen-e-bek-adirli.html#sigFreeId3ac2ee7d3a






