КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Бүгін мектебімізде 9-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжінің оқытушыларымен кездесуі өтті.
Колледж өкілдері Садуақасова Индира Алтынбекқызы мен Боранбаева Айнур Шамшадиновна оқушыларға оқу орнының материалдық-техникалық базасы, заманауи оқу кабинеттері мен зертханалары туралы жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ, 2024-2025 оқу жылында 9 және 11-сынып түлектеріне арналған мемлекеттік грант және ақылы негіздегі мамандықтар, шәкіртақы төлеу жүйесі туралы мәліметтер ұсынылды.
Оқушылар колледжге құжат тапсыру мерзімі, оқуға түсу шарттары, жеңілдіктер және басқа да маңызды мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, мамандармен еркін пікір алмасты. Кездесу түлектер үшін пайдалы әрі мазмұнды өтті.
https://261mektep.rka.kz/kz/k-siptik-ba-dar/227-k-sibi-ba-dar-beru-zh-mystary-zh-rgizildi.html#sigFreeId78db801086






