Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінде 9-сынып оқушыларына арналған "Мамандықтар әлемінде" тақырыбындағы ашық есік күні өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар колледждің мамандықтарымен, оқу кабинеттері мен шеберханаларымен танысып, кәсіби бағыт-бағдар алды. Оқушыларға болашақ мамандық таңдауда көмектесетін кеңестер беріліп, колледждің білім беру мүмкіндіктері таныстырылды.

Осындай іс-шаралар жастарға өз мүмкіндіктерін анықтауға және саналы таңдау жасауға жол ашады!

#АшықЕсікКүні #МамандықтарӘлемінде #КәсібиБағдар #ҚұрылысЖәнеБизнесКолледжі #Қызылорда