№4 педагогикалық кеңес
Бүгін мектебімізде жоспарға сәйкес №4 педагогикалық кеңес өтті. кеңесті мектеп директорының міндетін атқарушы ахметова ақтолқын бердәліқызы ашып, күн тәртібімен таныстырды.
Күн тәртібінде қаралған негізгі мәселелер:
1. 2024 - 2025 оқу жылының ііі тоқсан қорытындысы бойынша көрсеткіштердің салыстырмалы талдауы;
2. инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім қажеттілігі бар (ебқ) оқушыларға психологиялық - педагогикалық қолдау қызметінің жай - күйі және қауіпсіздік шараларының талапқа сай орындалуы;
3. ііі тоқсан бойынша «біртұтас тәрбие бағдарламасын» жүзеге асырудағы іс - шаралар есебі, оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары;
4. қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәндерінің берілуі, зерделеу қорытындысы;
5. 9, 11 сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауға дайындығы, «алтын белгі» және «үздік аттестатқа» үміткерлердің дайындық жағдайы;
6. bilim class электронды журналын толтыру;
7. ағымдағы мәселелер.
кеңес барысында әрбір мәселе жан - жақты талқыланып, білім беру сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар енгізілді. ақтолқын бердәліқызы атқарылған жұмыстарға баға беріп, жаңа тоқсанда нәтижелі еңбек етуді тапсырды. сонымен қатар, мұғалімдер мен оқушылардың оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру, білім сапасын арттыруға арналған шараларды жүйелі түрде жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.
#bilimkzo
#261мектеп