Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің оқытушылары жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға колледж мамандықтары, оқу форматы, білім беру бағдарламалары мен болашақтағы жұмыс мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, оқытушылар түлектерді қызықтыратын сұрақтарға жауап беріп, колледждегі оқу-өндірістік тәжірибе, қосымша білім беру курстары мен студенттік өмірдің ерекшеліктерімен таныстырды. Іс-шара оқушылардың мамандық таңдауда саналы шешім қабылдауына, кәсіби бағыт-бағдар алуына ықпал етті.







