Мектебімізде 5-сынып жетекшілері Ибраева Балжан мен Оспан Әселдің ұйымдастыруымен "Бақыттың кілті еңбекте" атты оқушылардың шығармашылық байқауы өткізілді.
 
Байқаудың мақсаты:
оқушыларға еңбектің маңыздылығын түсіндіріп, олардың еңбекқор, табанды және тәртіпті болуына ықпал ету. 

Байқау кезеңдері:
Ағаштан, қағаздан, пластиктен бұйым жасау;
Бисерден, гуаштан, дәннен картина жасау;
Пластилиннен әртүрлі фигураларды мүсіндеу.

Бұл байқау балаларды еңбектің адам өміріндегі маңызын түсінуге көмектесіп, олардың жауапкершілікті, тәртіпті және еңбекқор болуына шабыттандырады.