Бүгінгі күн 5-сынып оқушылары үшін ерекше әсерлі өтті! Оқушылар «Менің арманымдағы мамандық» атты ашық тәрбие сағатында әртүрлі кәсіптер әлеміне саяхат жасап, болашақ мамандық таңдау жайлы ой бөлісті.
Оқушылар мамандықтардың маңыздылығын түсініп, түрлі ойындар мен сұрақ-жауап арқылы өз армандарымен бөлісті.
«Жұмбақтар аялдамасы», «Ең жақсы мамандық» және «Сөйлеп тұрған кім?» сияқты қызықты тапсырмалар балалардың қызығушылығын арттырды.
«Мен таңдаған мамандық!» бөлімі оқушылардың шығармашылығын көрсетіп, олар өз болашақтарына қадам жасады.
Мамандық таңдау – әр адамның өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Сондықтан оқушыларды өз қабілеттерін дамытып, армандарына жетуге ынталандырамыз!
Тәрбие сағатынан естелік суреттермен бөлісеміз!
#МеніңАрманымдағыМамандық #ТәрбиеСағаты #БолашақКәсіп #ҚызықтыСабақ
https://261mektep.rka.kz/kz/k-siptik-ba-dar/237-meni-armanymda-y-mamandy-ashy-t-rbie-sa-aty.html#sigFreeId9ceae106be






