Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Аралбаева Толқын мен Үмбетова Жауқазынның ұйымдастыруымен, 5–7 сынып оқушыларының қатысуымен ұлы ақынның рухани мұрасына арналған «Толық адам» ілімі мен рухани кемелдену тақырыбында тағылымды әдеби кеш өткізілді.

Шараның мақсаты – Абай шығармашылығындағы терең философиялық ойларды, қара сөздері мен өлеңдеріндегі рухани құндылықтарды оқушыларға түсіндіру арқылы оларды адамгершілікке, білімге, өзін-өзі дамыту мен кемелденуге баулу.

Іс-шара барысында оқушылар Абай Құнанбайұлының өмір жолымен, шығармашылық мұрасымен танысты. Ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, көркем сөздің қадірін терең сезінді. Сонымен қатар, қара сөздерінен үзінділер келтіріп, «Толық адам» ұғымына өз көзқарастарын білдіріп, оны заманауи тұрғыда талдауға тырысты.

Әдеби кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, Абай мұрасына деген ықыласын тереңдетті. Абай насихаттаған адамгершілік, әділдік, имандылық, еңбекқорлық пен білімге ұмтылу секілді асыл қасиеттердің маңыздылығы кеңінен ашылып, оқушылардың жүрегіне жол тапты.

Осындай тағылымы мол іс-шаралар жас ұрпақтың рухани өсуіне, ұлттық құндылықтарды бағалауға және ой-санасының кемелденуіне ықпал ететіні сөзсіз.